Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қырғызстан президентінің жанындағы екі адамнан вирус табылды: Жээнбеков парадқа қатыспайды

2020 жылдың 24 маусым 2020 15:33

БІШКЕК. ҚазАқпарат – Мәскеуде Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің қасында бірге жүрген екі адамның коронавирусқа тапсырған анализі оң нәтиже берді. Бұл туралы Қырғызстан Республикасының аппараты мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабарға сілтеме жасап.

«Алгоритмге сәйкес, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, делегация мүшелері мен Мәскеу қаласына ұшып келгенде күтіп алған адамдар COVID-19-ға тест жасады. Қасында жүрген екі адамнан індет табылды» делінген хабарламада.

Атап айтқанда, Қырғызстан президенті аппараты сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Данияр Сыдықов пен тағы бір күзет қызметкерінің анализінен оң нәтиже шыққан.

Осыған байланысты Қырғызстан президенті Жеңістің 75 жылдығына арналған шараға қатысудан бас тартқан.

Айта кетейік, Мәскеуде Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына орай әскери шеру өтіп жатыр. Оған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысуда.


Басты сөздер: Прокуратура, Қырғызстан,
Жоғары қарай