Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қырғызстан президенті жаңа Конституцияға қол қойды

2021 жылдың 5 мамыр 2021 11:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елдің жаңа Конституциясына қол қойды. Қол қою рәсімі «Ала Арча» мемлекеттік резиденциясында өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қырғызстанның Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының «Қырғыз республикасының Конституциясы туралы» тиісті құжатына қол қойды.

Атап өтсек, жаңа Конституция бойынша референдум 2021 жылдың 11 сәуірінде өтті.

Нәтижесінде жаңа Конституция үшін сайлауға қатысқан азаматтардың 79 пайыздан астамы дауыс берді.

Жаңа негізгі заңға сәйкес, Қырғызстанда басқару формасы парламенттіктен президентікке ауысты.


Басты сөздер: Қырғызстан, Әлем,
Жоғары қарай