Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қырғызстан мен Тәжікстан шекараны делимитациялау бойынша бірлескен хаттамаға қол қойды

2021 жылдың 2 мамыр 2021 13:57

БІШКЕК – Кабар –ДУШАНБЕ - Ховар - ҚазАқпарат – Қырғызстанның Баткен облысында қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау бойынша Қырғызстан мен Тәжікстан үкіметтік делегацияларының отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қырғызстандық Кабар агенттігінің хабарлауынша, Қырғыз Республикасының делегациясын Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Қамшыбек Ташиев, Тәжікстан Республикасының делегациясын Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Саймумин Ятимов басқарды.

Кездесу барысында екі тарап қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасындағы жағдайды реттеуге бағытталған әрі қарайғы іс-қимылдар бойынша пікір алмасты.

Кабар агенттігінің мәлімдеуінше, делегация басшылары қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу қажеттілігі туралы өзара түсіністік білдірді.

Отырыс қорытындысы бойынша бірлескен хаттамаға қол қойылды.

Тәжікстандық Ховар агенттігінің хабарлауынша, Душанбеде Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон мен Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың кездесуі өтеді. Мемлекет басшылары 30 сәуірде телефон арқылы сөйлесу барысында келісті.

Әңгімелесу барысында Мемлекет басшылары шекара маңындағы аудандардағы соңғы қақтығыс оқиғалар жөнінде сөз қозғап, тәжік-қырғыз шекарасындағы қалыптасқан жағдайды талқылады.

Жағдайды қалыпқа келтіруге және оның ушығуына жол бермеуге, атысты толық тоқтатуға және белгіленген уақытта шекарадан әскерлерді шығаруға бағытталған уағдаластықтарды орындаудың ерекше маңыздылығы атап өтілді.

Осы тұрғыда президенттер шекараны делимитациялау жөніндегі келіссөздер процесін одан әрі ілгерілету бойынша тәжік-қырғыз мемлекетаралық диалогын жалғастырудың маңыздылығына да назар аударды.

Қырғыз Республикасының Баткен қаласында 1 мамырда делимитация және демаркация мәселелері бойынша Тараптардың Үкіметаралық комиссиясының отырысын өткізу туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Айта кетейік, 28 сәуір күні Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында екі ел тұрғындары өзара келіспей, қақтығыс басталды.

Кейін Қырғызстанның Баткен облысы Баткен ауданының «Головной» елді мекенінде жағдай шиеленісе түскені, ел азаматтары Исфара-Ворух тасжолын жауып тастағаны хабарланды.

29 сәурде Баткен облысындағы қақтығыс аймағынан эвакуацияланған қырғызстандықтардың саны 848 адамды құрады.

Осы күні Қырғызстан мен Тәжікстан сағат 20:00-ден бастап атысты тоқтату туралы келісімге келді


Басты сөздер: Қырғызстан, Тәжікстан,
Жоғары қарай