Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қырғызстан Қазақстаннан құс өнімдерін жеткізуге қатысты шектеулерді алып тастады

2021 жылдың 17 маусым 2021 14:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Қырғыз Республикасына еліміздің бірқатар облыстарынан құс және құс шаруашылығы өнімдерін жеткізуге байланысты бұрын енгізілген уақытша шектеулерді алып тастау бойынша жұмыс жүргізді.

Қырғыз Республикасының Ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекциясы ҚР Аул шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазақстандағы жоғары патогенді құс тұмауын оқшаулау бойынша, сондай-ақ жоғары патогенді құс тұмауы бойынша эпизоотиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданған шаралары туралы берген ақпараттарының негізінде 2021 жылғы 14 маусымдағы № 8 Қаулысымен бұрын енгізілген шектеулер жойылды.

«Қаулы мәтініне сәйкес Қырғызстан аумағына еліміздің Ақмола, Алматы (Қарасай ауданы), Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарынан құс және құс шаруашылығы өнімдерін әкелуге қайтадан рұқсат етілді»,-делінген ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.


Жоғары қарай