Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қырғыз-тәжік шекарасында атыс болып жатыр - БАҚ

2021 жылдың 30 сәуір 2021 13:36

БІШКЕК. Кабар – ҚазАқпарат – Қырғызстанның Баткен облысы Лейлек ауданының Жаны-Жер ауылында жергілікті тұрғындар атылған оқтың астында қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғыз тарапының тұжырымы бойынша, қақтығыс толық тоқтамаған.

«Расымен де, шекара маңы ауылдарында атыс болып жатыр. Шекарадағы жағдай күрделі болып қалуда», - деп жазды агенттік.

Еске сала кетсек, 28 сәуір күні Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында екі ел тұрғындары өзара келіспей, қақтығыс басталды. Қырғызстанның Баткен облысының Баткен ауданының «Головной» елді мекенінде жағдай шиеленісіп кетті. Қырғыз тарапы қақтығыс аймағынан 848 адам көшірілгенін мәлім етті.

Қырғызстан мен Тәжікстан 29 сәуірде сағат 20:00-ден бастап атысты тоқтату туралы келісімге келді.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасындағы жағдайға байланысты мәлімдемеме жасады.


Жоғары қарай