Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қырғыз азаматтары Қазақстан шекарасынан заңсыз өтуге тырысты

2020 жылдың 17 қазан 2020 15:35

ҚАРАСУ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының Қарасу бекетінде мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылғы 15 қазанда Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің «Қарасу» өткізу пунктінде шекарашылар ҚР мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту әрекетіне жол бермеді.

«Шекара жасағы «Мерседес-бенц» автомашинасын тексеру барысында көлік салонынан паспорт бақылауынан жасырынған және шекараны тіркеусіз кесіп өтуге тырысқан Қырғыз Республикасының 6 азаматын тапты» деп хабарлайды ҰҚК.

Автомашина жүргізушісі мен Қырғызстанның 6 азаматы ұсталып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтуге әрекет жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

Бұл жыл басынан бері карантин жағдайында шекара қызметінің әскери қызметшілері тоқтатқан шекараны заңсыз кесіп өтудің алғашқы әрекеті емес екенін атап өту керек.

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, шекарашылар мемлекеттік шекараны бұзушыларды анықтау мақсатында мемлекеттік шекарадағы бақылау іс-шараларын күшейтті.


Жоғары қарай