Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Квазимемлекеттік сектордың сатып алуы саласында картельді келісімдер жасасу кеңінен тарап кетті - Президент

2022 жылдың 11 қаңтар 2022 12:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Квазимемлекеттік сектордың сатып алуы саласында картельді келісімдер жасасу кеңінен тарап кетті. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы саласында картельді келісімдер жасасу кеңінен тарап кетті. Мысалы, мен былтыр фармацевтика нарығындағы картельді ретке келтіруді тапсырдым. Бірақ кейбіреулер заңнамадағы кемшіліктерді желеу етіп, бұл жұмысты аяқсыз қалдыруға тырысуда. Сондықтан картельді келісімдер жасасты деген күдік болған жағдайда мемлекеттік сатып алуға қатысушыларды тексеруге тыйым салу туралы мораторийдің күшін жоюды тапсырамын»,- деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент терроризмгеқарсы операцияның негізгі фазасы аяқталғанын, еліміздің барлық өңірінде ахуал тұрақты екенін жеткізді.


Жоғары қарай