Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Кувейт Қазақстан билігінің қабылдап жатқан шараларына қолдау білдірді

2022 жылдың 13 қаңтар 2022 23:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кувейт тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Кувейт Мемлекетінің Сыртқы істер министрі Ахмад Нассер әл-Мұхаммед әл-Сабахпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап хабарлайды.

Сұхбат барысында Кувейт министрі Әмірдің елдегі жағдайды тұрақтандыру бойынша Қазақстан билігінің қабылдап жатқан шараларына қолдау білдірген сөздерін жеткізді.

М.Тілеуберді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңадан құрылған ҚР Үкіметінің алдына қойған, Қазақстанның қалыпты өмір сүру жағдайын қалпына келтіруге және қоғам мен экономикасын жаңартуға бағытталған жаңа міндеттері туралы хабарлады.

Сонымен қатар, сұхбаттастар екі ел арасындағы ынтымақтастықты ары қарай нығайту, соның ішінде жоғары және аса жоғары деңгейлерде өзара сапарлар ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылға назар аударылды, әсіресе АӨСШК шеңберіндегі ынтымақтастыққа.



Жоғары қарай