Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Құтқарушылар күні: ШҚО-да өрт сөндірушілер кроссфиттен жарысқа түсті

2021 жылдың 19 қазан 2021 07:09

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының өрт сөндірушілері кәсіби мереке қарсаңында кроссфит бойынша жарысқа түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Шемонаиха ауданында өрт сөндірушілер арасында кроссфит өтті. Жарыс бағдарламасы 2 кезеңді қамтыды. Жауынгерлік киімді жылдамдыққа кию, 24 келі гір, 30 келі зілтемір көтеру және зілбалғамен соққы жасау сынды сынақтар болды. Барлығы 4 команда қатысты.








«Құтқарушылардың жұмысы физикалық тұрғыда ауыр, шыдамдылық пен қайсарлықты талап етеді. Соңғы уақытта кроссфит спортты құтқарушылар арасында кең танымалдылыққа ие болды. Соған орай ертеңгі кәсіби мереке қарсаңында осындай жарыс ұйымдастырылып отыр», - деді Шемонаиха аудандық ТЖБ бастығы Арман Наурызбаев.

Кроссфит бойынша күрделі жарыста № 1 апаттық-құтқару жасағының Артемьев жедел взводының командасы жеңіске жетті. Шемонаиха қаласының №28 ӨСБ өрт сөндірушілері екінші және Верх-Уба ауылының №42 өрт сөндіру бекетінің командасы үшінші орынды иеленді.








Жоғары қарай