Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 33 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Құтқарушылар Есіл өзеніне ағып кете жаздаған 12 жасар баланы аман алып қалды

2020 жылдың 16 шілде 2020 21:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада суға кете жаздаған 12 жасар бала құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

16 шілде сағат 15-39-да Шалқыма көшесі бойындағы Есіл өзенінде қалалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Кишкуца Виталий мен Хуанган Серікбай кезекті патруль кезінде достарымен бірге рұқсат етілмеген жерде суға шомылған 2008 жылы туған жасөспірімді құтқарды. Бақытымызға орай, баланың жағдайы бірқалыпты, медициналық көмекке мұқтаж емес.

Елордалык ТЖД мен полиция департаментінің қызметкерлері суға шомылуға тыйым салынған жерде шомылған балалардың ата-анасына түсіндіріп, әңгіме жүргізді. Ата-аналар ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 364-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мамандардың айтуынша, балаға мынадай мәселелерді жақсылап түсіндіру қажет:

- суда өз достарыңды суға батырып ойнауға болмайды, кенеттен оларға секіріп, жүзіп бара жатқан адамдардың қолынан және аяғынан тартуға болмайды;

- катерлер, моторлы қайықтар, баржалар және басқа да кемелер жақындағанда ерекше сақтық таныту керек, кішкентай балалар толқынмен шайқалуы мүмкін, ал суда жүргендер кеме түбіне тартылуы мүмкін;

- суға түсу алыстығы және су астында ұзақ тұруға бəстесу қатерге əкеледі;

- суға шомылу кезінде оған арналмаған заттарды (тақтайлар, үрлемелі автомобиль камералары) пайдаланбаңыз;

- қатты ағысқа қарсы жүзбеңіз, жағаға жақындаңыз;

- дене қызуы көтерілген жағдайда температураның күрт өзгеруіне байланысты суға түсу және секіру қан тамырларының, соның ішінде ми мен жүректің спазмдарына әкелуі мүмкін;

- тамақтанғаннан кейін 1,5-2 сағат шомылуға болмайды.


Жоғары қарай