Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

#КүшімізБірлікте: Қасиетті қазақ елінің ұрпағы екенімізді көрсете білейік

2022 жылдың 8 қаңтар 2022 16:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тарихи ауыр сәтте қасиетті қазақ елінің ұрпағы екенімізді көрсете білейік. Мұндай пікірді ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, академик Асқарбек Құсайынов білдірді

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында елдегі жағдайға жан-жақты баға беріп, халықты бірлікке, сабыр сақтауға шақырды. Қазақ халқы әлемдегі ең көне халықтардың бірі. Ол ғасырлар бойғы даму тарихында қандай жағдайлар болса да жеңіске жетіп, әлем сахнасында өзінің зор абыройын сақтай білген халық. Ата-балаларымыз өзінің асқан даналығымен, бірлігімен, батырлығымен, осындай жер байлығын, ел байлығын келешек ұрпағы - біздерге мұра етіп қалдыра білді. Осы бір тарихи ауыр сәтте әрқайсымыз барлық іс-қимылымызды әлем жұртшылығы байқап-бағдарлап, оған баға беріп отырғанын терең түсініп, ата-баба аманатын жоғары ұстаған, қасиетті қазақ елінің ұрпағы екенімізді көрсете білейік. Мен сіздерді соған шақырамын», - деді Асқарбек Құсайынов.


Жоғары қарай