Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Құс тұмауы солтүстіктен оңтүстікке ауысып, Жамбыл мен Түркістанға жетті

2020 жылдың 24 қыркүйек 2020 14:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Құс тұмауы тіркелген облыстардың саны жетеу болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауыл шаруашылығы министрлігі қай облыста қанша құстың қырылғанын жария етті:

• Ақмола облысында - жеке қосалқы шаруашылықтарда 703 құс (соңғы тәулікте-0);

• Жамбыл облысында - жеке қосалқы шаруашылықтарда 238 құс (соңғы тәулікте - 6);

• Қарағанды облысында - жеке қосалқы шаруашылықтарда 102 құс ЖҚШ (соңғы тәулікте - 12);

• Қостанай облысында - жеке қосалқы шаруашылықтарда 2 218 құс және құс фабрикасында 109 567 құс (тиісінше 1 112 және 109 567);

• Павлодар облысында - жеке қосалқы шаруашылықтарда 2 753 құс ЖҚШ (0);

• Солтүстік Қазақстан облысында - жеке қосалқы шаруашылықтарда 13 806 құс және құс фабрикасында 93 849 құс (тиісінше 1 143 және 39 535);

• Түркістан облысында - жеке қосалқы шаруашылықтарда 273 құс (соңғы тәулікте 196)

«Барлығы жеке аулада 20 мың құс және екі құс фабрикасында 203 мың құс қырылды («Бескөл құс фабрикасы» ЖШС - 93 849 бас, «Агроинтерптица» - 109 567 бас)» деп хабарлайды министрліктен.


Жоғары қарай