Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Құс тұмауы салдарынан шығынды өтеуге қосымша қаражат керек - Сапархан Омаров

2020 жылдың 20 қазан 2020 11:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Құс тұмауы салдарынан жойылған құстардың құнын өтеу үшін республикалық бюджеттен қосымша қаражат керек. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құс тұмауының таралуы мысалында, жедел карантинге қою әрі инфекция ошағынан жануарлар мен өнімдерді әкелуге және әкетуге тыйым салуды енгізу мәселесі өте маңызды болып тұр. Бүгінде жергілікті атқарушы органдар әкімінің қаулыларын келісу, бекіту және күшіне енгізу 5 күннен 15 күнге дейін уақытты алады. Ең жылдам дегенде 3 жұмыс күнін құрайды. Бұл жағдай инфекция ошағын оқшаулау және оның жақын орналасқан аумақтарға таралуын болдырмау бойынша жедел шараларды уақытында қабылдауға, атап айтқанда карантин қоюға және инфекция ошақтарын тоқтатуға мүмкіндік бермейді», - деді министр Үкімет отырысында.

Осы орайда С. Омаров карантинге қою және шектеу ішаралары туралы шешімді бекіту мен тіркеу мерзімін 1 күнге дейін қысқарту қажеттігін айтты.

«Жоғары патогенді құс тұмауы салдарынан алынған және жойылған құстардың құнын өтеу үшін республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру керек. Сонымен қатар, ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалаудың ұлттық жүйесін құруға республикалық бюджеттен 3 млрд теңге бөлінуін сұраймыз», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, әкелініп жатқан өнімге жедел ден қою және тиімді бақылау мен қадағалау мақсатында Ресей Федерациясы сияқты шекаралық бекеттердің тура маңынан ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттерін орналастыру қажет.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, тиімді бақылауды ұйымдастыру үшін ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау ұлттық жүйесін дамыту қажет екенін айтты.

Ауыл шаруашылығы және әділет министрліктері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жергілікті атқарушы органдардың карантинді әрі шектеу іс-шараларын белгілеу және алып тастау жөніндегі шешімдерін әділет органдарында тіркеу рәсімін жеңілдетсін», - деді Премьер-Министр.

Айта кетейік, патогенді құс тұмауынан 873,9 мың құс қырылды.



Жоғары қарай