Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Құрылыс жұмыстарын жүргізген ақтөбелік ауласынан құнды жәдігер тауып алды

2019 жылдың 29 қазан 2019 22:07

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласының тұрғыны Айдос Ақдәулет ат әбзелдері мен жерлеу рәсімі кезінде қолданылған темір бұйымды тауып алып, археологтарға тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл құнды жәдігер біздің заманымызға дейінгі V-VI ғасырларға жатады. Археологтар жәдігерлерге қарап Ақтөбе қаласының Жаман Қарғалы және Жақсы Қарғалы өзендерінің бойында біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықтың орта тұсында көшпенділер мекен еткенін айтып берді.




«Табылған жәдігердің бір бөлігі ат әбзелдері, яғни, жүгені. Сақтардың аң стилінде жасалған. Жәдігерлердің бірі көшпінді халықтың атқа ер салып мінгенін, оған қажетті белдікті ойлап тапқанын дәлелдейді. Бір сөзбен айтқанда Қазақстанның батыс аймағында әскери іс дамып, ер тоқым ойлап табылған болуы мүмкін. Ер тоқым жұмсақ материалдан әзірлеген болуы да ықтимал. Тағы бір жәдігер қыштан жасалған. Оны әйелдер көп қолданады. Қазылған жер құрбан шалатын орын болуы, онда салт-жоралғы жасалуы мүмкін», - деп жазды археолог Аслан Мамедов.




Жоғары қарай