Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Құрылыс материалдарының бағасы тұрақтанады – Бәсекелестікті қорғау агенттігі

2021 жылдың 10 маусым 2021 14:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құрылыс тауарлары нарығындағы жағдайды қатаң бақылауға алды. Бұл туралы агенттік төрағасы Серік Жұманғарин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта құрылыс материалдары нарығының субъектілеріне бұзушылық белгілерін жою және бағаны төмендету қажеттігі туралы 26 хабарлама жіберілді. Нұр-Сұлтан қаласы (4), Түркістан (3), Ақмола облыстарында (3) кірпіш өндірушілерге 10 хабарлама жолданды. Ақмола (2), Түркістан (2), Жамбыл (1) облыстарында цемент өндірушілерге 5 хабарлама жолданды», - деді С. Жұманғарин бүгінгі Үкімет отырысында.

Арматура өндірушілер мен жеткізушілерге Павлодар облысында – 8, Шығыс Қазақстан облысында – 3, Қостанай облысында – 1 және Алматы қаласында 1 хабарлама жіберілген.

Алматы облысы бойынша қиыршық тас өндірушілеріне 2 хабарлама жолданды.

Ал Ақмола облысындағы полиэтилен құбырларын өндіруші 1 хабарлама алған.

«Сондай-ақ, монополияға қарсы қызметтің заңды талаптарына қарамастан, ақпарат беруден бас тарту фактілері орын алуда. Қазіргі уақытта осы негіз бойынша «Арселор Миттал Теміртау» АҚ қатысты әкімшілік іс қозғалды. Нарық қатысушыларына баға әсерін көрсету мақсатында 10 құрылыс материалын өндірушілермен монополияға қарсы заңнама нормаларын сақтау туралы комплаенс жасалды», - дейді С. Жұманғарин.

Қосымша ақпарат беру қорытындылары бойынша басқа да құрылыс материалдарын өндірушілер мен жеткізушілерге қатысты әрекет ету шараларына бастама жасалмақ.

«Агенттік аталған тауар нарығындағы жағдайды қатаң бақылауға алды. Жақын арада баға тұрақтанатын болады», - деді Серік Жұманғарин.


Жоғары қарай