Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Құрылыс материалдарын сату кезінде Виртуалды қойма модулін қолдану қажет

2022 жылдың 25 қаңтар 2022 11:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрылыс материалдарын сату кезінде Виртуалды қойма модулін қолдану қажет. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаның қағидаларына сәйкес 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап құрылыс материалдарын сату кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және Виртуалды қойма модулін қолдану қажет. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу кезінде техникалық мәселелер туындаған жағдайда «тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жеткізілгенін растайтын құжат» 32-жолда NON SNT көрсете отырып, тауарларға ілеспе жүкқұжаттарынсыз электронды шотфактура жазып беру мүмкіндігі бар», - деп атап өтеді комитеттен.

Ведомство мәліметінше, пилоттық жобаның мақсаты тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды енгізуге ауыртпалықсыз көшу және салық төлеушілерге Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды міндетті түрде қолдануға дайындалу мүмкіндігін беру. Пилоттық жоба кезеңінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды уақтылы ресімдемегені расталған жағдайда әкімшілік жауапкершілік шаралары көзделмеген.


Жоғары қарай