Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» овертаймда ЦСКА командасына жол берді

2021 жылдың 21 қыркүйек 2021 22:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің ЦСКА (Мәскеу) командасымен өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске салсақ, 14 қыркүйекте Мәскеуде өткен ойында елордалық клуб қарсыласынан 6:3 есебімен басым түскен болатын.

Бүгінгі кездесуде екі команда шабуылға көбірек шықты. Нәтижесінде 11-минута елордалық Никита Михайлис мергендік танытты.

Екінші кезеңде екі команда тарапынан есепті өзгертетін бірнеше мүмкіндік болған еді. Дегенмен бұл сәтте хоккейшілер дәлдік көрсете алған жоқ.

Ойынның 54-минутында ресейлік клубтан Константин Окулов таразы басын теңестірді. Бұдан кейін қазақстандық команда хоккейшілері алға қарай ұмтылды.

Негізгі кезең 1:1 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда Константин Окулов жеңіс шайбасын соғып кетті. Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:2 есебімен жол берді.

Енді «Барыс» екі ойынын елордада өткізеді. Алдымен 25 қыркүйекте Ресейдің «Сибирь» (Новосібір), 27 қыркүйекте «Автомобилист» (Екатеринбург) командаларымен шеберлік байқасады.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай