Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» қатарынан төртінші ойында жеңілді

2021 жылдың 26 қазан 2021 21:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Сибирь» (Новосібір) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Бүгінгі кездесу көп гол соғылуымен ерекшеленді. Командалар бір-бірінің қақпасына гол салды.

Алдымен 13-минутта ресейлік Денис Голубев есеп ашты. Одан кейін қазақстандық Денис Гурков 17-минутта таразы басын теңестірді. Ал 18-минутта Николай Демидов қайтадан «Сибирьді» алға шығарса, «Барыс» сапынан 19-минута Кёртис Валк мергендік танытты.

Екінші кезеңнің 23-минутында Кёртис Валк кездесу барысында екінші мәрте көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Оған 34-минутта ресейлік Егор Миловзоров бір голмен жауап қайырды. Осылайша таразы басы тағы теңесті.

Негізгі кезең 3:3 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Буллитте «Сибирьдің» мерейі үстем болды.

Осылайша «Барыс» қатарынан төртінші мәрте қарсыластарына есе жіберді.

Енді «Барыс» келесі ойынын 28 қазанда Ресейде «Адмирал» (Владивосток) командасына қарсы өткізеді.

Айта кетсек, қазақстандық клуб бұдан бұрын Ресейдің «Северсталь» (Череповец) командасынан жеңіліп қалды.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай