Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» бүгін «Сочи» командасымен кездеседі

2021 жылдың 9 желтоқсан 2021 17:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада «Сочи» командасына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу елорда уақытымен сағат 19:30-да басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бүгінге дейін 42 мәрте шеберлік байқасты. Оның 7-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Екі команда арасындағы соңғы алты кездесудің барлығында ресейлік клуб жеңіске жетті.

«Барыстың» биылғы турнирдің соңғы алты кездесуінің төртеуінде жолы болды, қалғанында қарсыластарына есе жіберіп қойды.

Ал «Сочи» соңғы алты кездесудің төртеуінде қарсыласын тізе бүктірді.

Еске салсақ, «Барыс» бұдан бұрын Ресейде «Ак Барс» (Қазан) командасынан басым түсті.

Ал «Сочи» сырт айдында Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) командасына есе жіберді.

Қазір «Барыс» 36 ойыннан кейін 34 ұпаймен турнир кестесінде 20-орында келеді.

Ал «Сочи» 34 ұпаймен 19-орында тұр.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай