Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» бүгін «Куньлунь Ред Стармен» кездеседі

2021 жылдың 15 қазан 2021 14:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» (Бейжің) командасымен өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу елорда уақытымен 22:30-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бүгінге дейін 16 мәрте шеберлік байқасты.

Оның 11-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында қытайлық клубтың мерейі үстем болды.

Екі команда арасындағы соңғы бес кездесудің барлығында қазақстандық клуб жеңіске жетті.

«Барыс» биылғы турнирдің соңғы алты кездесуінің үшеуінде жеңіске жетіп, қалғанында қарсыластарына есе жіберіп қойды.

Ал «Авангард» төрт ойынның екеуінде жеңіске жетті.

Айта кетсек, қазақстандық клуб бұдан бұрын Ресейдің «Авангард» (Омбы) командасынан жеңіліп қалды.

Ал «Куньлунь Ред Стар» Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасына жол берді.

Қазір «Барыс» 17 ойыннан кейін 14 ұпаймен турнир кестесінде 18-орында келеді. Ал «Авангард» 11 ұпаймен 23-орында тұр.


Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Қоғам, Спорт,
Жоғары қарай