Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Құрбан Айттың екінші күні 30 мыңнан астам отбасыға ет таратылды – ҚМДБ

2021 жылдың 22 шілде 2021 14:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Айт мерекесінің екінші күні Қазақстанда 32 896 отбасыға ет таратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына сілтеме жасап.

Жұмыс барысында санитарлық талаптардың сақталуы қатаң қадағаланды.

«Ұлық мейрамда қайырымдылық шарасын жандандыра түсу мақсатында құрылған арнайы жұмыс тобы Құрбан айттың екінші күні республика бойынша 32 896 мұқтаж отбасыға құрбандық етін жеткізді. Еліміз бойынша www.qurban2021.kz сайтына қашықтан құрбан шалуға тапсырыс берген азаматтардың уәкілдік құрбандығы толығымен орындалды. Осы уәкілдік құрбандығының есебін қажет еткен жандарға атқарылған іс-шаралардың фото, видео мәліметі толық жіберілді», - делінген ҚМДБ хабарламасында.




Айттың екінші күні qurban2021.kz сайты арқылы құрбан шалуға 2 724 тапсырыс келіп түскен және республика көлемінде 4246 қой, 219 ешкі, 523 сиыр және 6 түйе сойылды.

Еске сала кетсек, айттың бірінші күні ҚМДБ-ның аймақтағы өкілдіктері көмекке зәру 40 156 отбасыға құрбандық етін жеткізді. Жалпы алғанда барлық облысты қамтығанда Құрбан айттың екі күнінде 73 052 жанұяға ет жеткізілді.

































Жоғары қарай