Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Құрбан айт күндері Шымкенттің жан-жағына 17 бекет қойылады

2020 жылдың 31 шілде 2020 02:44

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте Құрбан айт мерекесі кезінде қаланың кіреберісіне 17 бекет қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің №29 қаулысына сәйкес, 31 шілде және 1-2 тамыз аралығында Құрбан айт күндері бірқатар шектеулер енгізілді.

Осыған орай Шымкент қаласының полиция департаменті қала аумағына мал әкелуге тыйым салды. Тек онлайн құрбан шалуға арналған малды ғана кіргізуге рұқсат етілген.

Сондай-ақ осындай жайттардың алдын алу мақсатында Шымкент қаласының кіреберісіне 17 бекет қойылды.

«Бекет қоюдағы мақсат – қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтау. Құрбан айт мерекесі кезінде коронавирус инфекциясының таралуына ықпал ететін бұқаралық іс-шаралардың өткізілуіне тыйым салу үшін осындай шешім қабылданды» деп түсіндірді полициядан.

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмылдырылған жеке құрам 30 шілде сағат 07.00-ден бастап, 2 тамыз күні 00.00-ге дейін қызмет атқарады.


Жоғары қарай