Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Күн суытады: Қазгидромет алдағы 3 тәуліктің күн райы болжамын жариялады

2021 жылдың 18 қазан 2021 13:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы 2021 жылдың 19-21 қазан аралығындағы күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Болжамға сәйкес, үнді жазын Қазақстан аумағына әкелген Антициклонның ықпалынан еліміздің шығысында ғана күн жауын-шашынсыз жылы болады.

Республиканың қалған бөлігіне Мурманск аудандарынан келген циклон әсер ете бастайды. Ол ел аумағы арқылы жылжып, жаңбыр мен қар аралас жаңбыр жаууына ықпал етеді. Сондай-ақ, көктайғақ болып, жел күшейеді, солтүстікте жаяу бұрқасын соғып, ауа температурасы төмендейді.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай