Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Күн сәулесі коронавирусты өлтіре ала ма - Бекшин жауап берді

2020 жылдың 3 маусым 2020 17:28

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин күн сәулесі коронавирусқа қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус инфекциясы тыныс алу жолдары арқылы кіреді. Вирус адам ағзасына тері арқылы емес, шырышты қабық арқылы енеді. Адам қолына вирус тиген жағдайда аузын, мұрнын, көзін жиі ұстайды. Халықаралық жаңалықтарды көрсеңіздер, барлығы көзәйнек тағады. Ол көздің шырышты қабығын қорғау үшін тағылады», - деді Ж.Бекшин.

Бас санитар дәрігер «коронавирусты күн сәулесі жоя ма?» деген журналистердің сауалына жауап берді.

«Бұл мәселе бойынша толық дәлелді зерттеулер жоқ. Тұмау вирусы сәуір-мамырда бәсеңситінін білеміз. Ауа температурасы көтеріліп, күн жылынғанда тұмау вирусы әлсірейді. Ал коронавирус инфекциясына келсек, климаты ыстық елдер Бразилия, Перу, Үндістан, Пәкістан елдерінде қазір вирус өршіп тұр. Тіпті қазір Алматының өзінде +30 градус ыстықта жұқтыру көрсеткіші төмендер емес. Вирусқа ультракүлгін сәуле ықпал ете алмайды. Сондықтан, жабық бөлмеде ұзақ отыруға болмайды», - деді Ж.Бекшин.

Айта кету керек, қаланың бас санитар дәрігері вирус жұқтырғандар саны азаймай отырғанын айтты. Оның сөзінше, қазір Алматыда коронавирус жұқтырған 2715 адам бар. Қалада індет жұқтыру фактілері азаймай отырғандықтан карантин шаралары сақталады.


Жоғары қарай