Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Құқық қорғаушы «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасына пікір білдірді

2021 жылдың 22 қаңтар 2021 13:46

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстандық құқық қорғаушы, заңгер Жеміс Тұрмағамбетова «Қоғамдық бақылау» туралы жаңа заң жобасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Алматыда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесіп, аталған заң жобасын талқылады.

«Заң жобасы ҚР Президентінің тапсырмасымен қарастырылып жатыр. Президент биыл осы заңды қарастыруды тапсырды. Құқықтық саясат туралы кеңес бұл заң жобасын талқылауды биылғы сәуір айына белгіледі. Сондықтан, қазір жұмыс қарқынды жалғасуы керек. Менің ойымша негізгі мәселе таңдау, қайта тағайындау мүмкіндігі. Олар қоғамдық ұйымдармен аз мерзімге тағайындалуы керек. Осы жерде гендерлік теңдік, адамның жасын ескеруіміз керек», - деді ол.

Оның айтуынша, осы мәселені шешу үшін жергілікті органдармен біріккен жұмыс болуы керек.

«Өкінішке орай бұл мәселені әкімдік талқыламайды. Қоғамдық Даму департаменті Алматы азаматтық қоғамының атынан ұсыныс әзірлеуі керек. Заң жобасы парламентке шығарылғанда тек қана жұмыс топтары емес, депутаттар да қатысуы керек. Сондықтан, Алматыдағы жұмыс тобының қызметімен танысуға Алматыға жиірек келсе жақсы болар еді», - деді ол.


Жоғары қарай