Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Құқық қорғау қызметіне кіру тәртібі өзгерді

2020 жылдың 28 мамыр 2020 13:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Енді прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметіне қызметке түскісі келетіндер міндетті бастапқы кәсіби даярлықтан өтуі тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР бас прокуратурасының жанындағы құқық қорғау органдары академиясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Жаңа енгізілімдер құқық қорғау қызметіне қатардағы, кіші және орта басшы құрам лауазымдарына бірінші рет қабылданатын адамдарға қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 13 мамырдағы Жарлығымен Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына аталған кәсіптік даярлықты өткізу жөніндегі функциялар жүктелген.

Прокуратура органдарына қызметке кіру үшін оқу мерзімі 1 жыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеу қызметіне 6 айды құрайды. ​

Жоғары заңгерлік білімі бар отыз бес жастан аспаған үміткерлер қабылданатын болады.

Барлық түскендер мемлекет есебінен стипендиямен, тамақпен және тұратын орынмен қамтамасыз етіледі.

Оқуға түсу үшін алдын ала Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде тестілеуден (құқық қорғау қызметіне кіру үшін), әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық куәландырудан және полиграфологиялық зерттеуден, сондай-ақ Академияда іріктеуден өту қажет.

Бастапқы кәсіптік даярлыққа түсу, Академияға іріктеу тәртібі мен мерзімдері туралы толық ақпарат Құқық қорғау органдарының және Академияның ведомстволық сайттарында қосымша жарияланатын болады.


Басты сөздер: Білім, ҚР Бас прокуратурасы,
Жоғары қарай