Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Кудзира» дауылы Жапонияға жақындап қалды

2020 жылдың 27 қыркүйек 2020 15:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жапон метеорологтары Тынық мұхитында жаңа «Кудзира» тропикалық дауылының пайда болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жапонияның бас метеорологиялық агенттігінің деректеріне қарағанда, қазіргі уақытта циклон Минамитори атолл аралы ауданында және солтүстік батыстағы негізгі Хонсю аралына қарай 10 км/сағ жылдамдықпен жылжып барады.

Орталықтағы желдің жылдамдығы 18 м/с, екпіні 25 м/с дейін.

Мамандар дауыл аптаның ортасына қарай Хонсюдің шығыс жағалауына жақындап, сонымен қоса бірге жаңбыр жауып, жел күшейеді деп күтуде.

Бұдан бұрын Жапонияда Хайшен тайфунының салдарынан төрт адам хабар-ошарсыз кетіп, 52 адам жарақат алған еді.


Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай