Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қуат Хамитов ресейлік спортшыны тұншықтыру әдісімен жеңді

2020 жылдың 26 қыркүйек 2020 11:15

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Аралас жекпе-жек шебері қазақстандық Қуат Хамитов Мәскеуде өткен Fight Nights Global 98 турнирінде ресейлік Ахмад-Хан Боковпен айқасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл аралық салмақтағы жекпе-жек Хамитовтың мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталды: ол бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңді.

Бұл - Қуат Хамитовтың кәсіби мансабындағы 19-шы және соңғы төрт жылдағы алғашқы жеңісі. Ахмад- Хан Боков ММА-да бесінші рет сүрінді. Fight Nights Global-дың YouTube ресми каналында жекпе-жектің толық нұсқасы көрсетілді.


32 жасар қазақстандық 2019 жылдың сәуір айында әзербайжандық Нариман Аббасовтан (24-3) жеңіліс тапқаннан кейін рингке шықпаған. Хамитовтың соңғы жеңісіне келетін болсақ, ол 2016 жылдың 16 желтоқсанында болды —сабмишнмен үшінші раундта ресейлік Гаджи Рабадановты жеңді (14-3-1). Осыдан кейін Қуат 2017 жылы ирландиялық Питер Куиллиден (12-5-1) басым түскен еді, бірақ кейіннен бұл жекпе-жектің нәтижесі қайта қаралып, екеуі тең түсті делінді.


Басты сөздер: Спорт, Видео,
Жоғары қарай