Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қуат Хамитов ресейлік қарсыласын 1 минутқа жеткізбей нокаутқа жіберді

2021 жылдың 22 қаңтар 2021 21:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (19-7-1) аралас жекпе-жектен AMC Fight Nights турнирінде ресейлік қарсыласы Максим Пантелеевті ауыр нокаутқа жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отандасымыз қарсыласын бірінші нокауттың өзінде жеңіп шықты.

50-ші секундта Қуат Максим Пантелеевті нокаутқа түсірді.

Отандасымыз осылайша жиырмасыншы жеңісіне қол жеткізіп отыр.

Ал Максим Пантелеев кәсіпқой спорттағы екінші жеңілісін өткерді.

Еске сала кетсек, өткен жылы Қуат Хамитов Мәскеуде өткен Fight Nights Global 98 турнирінде ресейлік Ахмад-Хан Боковпен айқасып, тұншықтыру әдісімен жеңген болатын.



Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай