Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Кремль Ресейде коронавирустан көз жұмғандар санының аз болуын қалыпты деп есептейді

2020 жылдың 11 маусым 2020 18:47

МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат – Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Ресейде коронавирустан қайтыс болғандар саны басқа елдерге қарағанда аз екені «қызық» деген мәлімдемесіне жауап берді. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Песковтың айтуынша ресейлік деректерде ерекше ештеңе жоқ. Сонымен қатар, ол Ресейдегі тиіпті органдар ДДСҰ-мен байланыста екенін атап өтіп, «олар бұл мәселенің шешімін тауып, ДДСҰ-ның барлық сұрағына жауап береді деп ойлаймын» деді.

Песков коронавирустан көз жұмғандарды есептеу тәсіліне қатысты сұраққа жауап бермеді. «Мен бұл сұраққа қатысты ештеңе түсіндіре алмаймын. Оған эпидемиологтарымыз лайықты жауап береді деп үміттенемін» деп сұрақты сала мамандарына жолдады.

Сәрсенбі күні Женевадағы брифингте ДДСҰ-ның төтенше жағдай жөніндегі директоры Майкл Райан Ресейде коронавирустан қайтыс болғандар саны басқа елдермен салыстырғанда аз екенін «қызық» құбылыс деп атады.

ДДСҰ мемлекеттерге COVID-19-дан болған өлімге қатысты стандартты ұсыныс пен сертификация таратты. Дегенмен, директордың сөзінше, бұл күрделі процедура, себебі өлімге себеп болатын жанама жайттар болуы мүмкін.

Басты сөздер: Коронавирус, Ресей,
Жоғары қарай