Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті мамыр айының үздік құрамасын анықтады

2021 жылдың 9 маусым 2021 08:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтында айдың үздік спортшысын анықтауға арналған сауалнама аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дауыс беру қорытындысы бойынша мамыр айының үздік спортшысы атағын слаломды есуден Қазақстан құрамасы иеленді.

Қазақстандықтар спортшылар мен командаларды қосқанда, барлығы 9 үміткер үшін дауыс берді.

Олар:

- слаломды есуден Қазақстан командасы,

- каноэ мен байдаркада есуден Қазақстан командасы,

- бокстан Қазақстан әйелдер командасы,

- Владислав Яковлев (академиялық есу),

- Жанна Мамажанова (жеңіл атлетика),

- хоккейден Қазақстан құрамасы,

- Қайсар Алпысбай (каратэ),

- ауыр атлетикадан Қазақстан командасы,

- таеквондодан Қазақстан командасы.

8 маусым күні сағат 13:00-де спортшыларға дауыс беру аяқталды. Оның нәтижесі бойынша слаломды есуден Қазақстан құрамасы 68,40% жинап, ай үздігі атанды. Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы екінші орыннан көрінсе, хоккейден Қазақстан құрамасы үшінші болды.


Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай