Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілі жанармайға қатысты жағдайды түсіндірді

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 22:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз хатшысы Шыңғыс Ілиясов бензинге акциздің не себепті көтерілгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Акцизді көтерген себебіміз - нарықта жанар-жағармай материалдарына бағалық диспропорция және ашық мұнай өнімдеріне тапшылық туындауына жол бермеу. Алдын ала есептеулер бойынша, ацкизді көтерген жағдайда 2020 жылы бюджетке 50,6 млрд. теңге мөлшерінде қосымша түсімдер түсетін болады. Акцизді көтермеген күннің өзінде бензин бағасы қымбаттай беруі мүмкін. Негізінен баға сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасады. Мысалы, 2015 жылы акциз мөлшері екі есе көтерілгенмен, бензин бағасы өзгерген жоқ болатын», - дейді баспасөз хатшысы.

Сондай-ақ, ол бензин бағасы қандай жағдайда тексерілетінін айтты.

«Біз нарықтағы бензин бағасын монополияға қарсы заңнамалар бұзылған жағдайда тексереміз. Сонымен катар бензин бағасы қай жерде, қанша теңгеге қымбаттағаны туралы статистикалық есеп бар. ҚР Энергетика министрлігінің сайтынан да бензин бағасы туралы ақпаратты көруге болады», - дейді Шыңғыс Ілиясов.

Айтып өту керек, осыған дейін ҚР Энергетика министрлігі бензин тапшылығы жоқ екенін, керісінше артығымен бар екен айтқан болатын.


Жоғары қарай