Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚР СІМ Сирия бойынша 15-ші халықаралық кездесудің қорытындысына қатысты мәлімдеме жасады

2021 жылдың 18 ақпан 2021 12:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігі Сирия бойынша Астана форматындағы 15-ші халықаралық кездесудің қорытындысына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Сирия бойынша Астана форматындағы 15-ші халықаралық кездесудің қорытындыларын құптайды.

«16-17 ақпанында Сочиде өткен Астана процесінің кепілгер елдері -Ресей, Иран және Түркия, сондай - ақ БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнайы уәкілінің қатысуымен Сирия үкіметі мен оппозициясының көпжақты және екіжақты консультациялары 2021 жылы жоспарланған президенттік сайлау алдында Сирия дағдарысын саяси реттеудің кейінге шегерілмейтінін растайды.

Осыған байланысты Қазақстан Астана процесінің қағидаттарын берік ұстанады», делінген мәлімдемеде.


Жоғары қарай