Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚР СІМ Нидерландыға ұшатын Қазақстан азаматтарына ақпарат таратты

2021 жылдың 27 қаңтар 2021 20:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нидерландының Қазақстандағы Елшілігінен түскен ақпаратқа сәйкес, коронавирус пандемиясына байланысты 2021 жылғы 23 қаңтардан бастап аталмыш елге кірудің бақылау шаралары күшейтілді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атап айтқанда, сол елге келгендердің барлығы Нидерландыға кірерден 72 сағат бұрын тапсырылған COVID-19 ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы, сондай-ақ COVID-19 экспресс-тестінің теріс нәтижесін («антиген экспресс-тест» деп аталады) көрсетуі керек. Бұл талаптар транзиттік жолаушыларға да қатысты.

COVID-19 экспресс тестін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайларда орналасқан зертханаларда тапсыруға болады. Осы мәселе бойынша ақпарат алу үшін тиісті әуежайдың ақпараттық қызметіне хабарласу қажет», - деді министрліктен.


Жоғары қарай