Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

ҚР СІМ Мексикаға қазақстандықтардың сапарын уақытша тоқтатуды ұсынды

2019 жылдың 28 қазан 2019 16:57

НҰР-СҰЛТАН, ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта көші-қон дағдарысына байланысты мексикалық билік өз шекарасын бақылауды күшейтуде. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соның салдарынан әлемнің көптеген мемлекеттерінің азаматтары Мексика аумағына жіберілмей, кері депортациялануда. Осыған байланысты Мексика шекарасында қиындықтар туындауын және жоспарланған сапарларды шегерілуін болдырмас үшін Мексикаға туристік және іскерлік сапарларды уақытша тоқтатуды ұсынамыз», - дейд ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, Мексикаға бару керек болған жағдайда Мексиканың уәкілетті органдарын алдын ала және уақытылы хабардар ету мақсатында саяхатқа қатысты барлық қосымша ақпаратты бере отырып, Қазақстанның Мексикадағы елшілігіне ескерткен жөн.

«Сондай-ақ, кез келген елдің мемлекеттік шекарасы арқылы өту осы мемлекеттің ішкі саясаты болып табылады. Осыған байланысты қазақстандық дипломатиялық өкілдік тарапынан жәрдем көрсету Мексика аумағына еркін кіруге кепілдік бермейтініне назар аударамыз», - дейді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР СІМ-де өткен баспасөз отырысында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Нидерланд корольдігіне ресми сапармен баратыны туралы жазған болатынбыз.

Автор Зарина Қаһарман
Басты сөздер: ҚР СІМ, Америка,
Жоғары қарай