Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

ҚР Президентінің Ақмола облысына сапарынан бейне шолу жарияланды

2020 жылдың 30 мамыр 2020 01:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақмола облысына жасаған жұмыс сапарынан бейне шолу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еліміздің ірі астықты өңірлерінің бірі Ақмола облысындағы көктемгі егіс жұмыстарын аралап көрдім. Елордамызды азық-түлікпен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын аймақтың аграрлық әлеуетін нығайту мүмкіндіктерімен таныстым. Сонымен қатар, Ақмола облысы Целиноград ауданындағы қуаттылығы 100 МВт болатын жаңа күн электр станциясына бардым. Жаңартылатын қуат көздерін пайдалану – отандық «жасыл экономиканы» дамытудың негізгі факторларының бірі», деп жазды Мемлекет басшысы.


Жоғары қарай