Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚР Президенті Жақсыбек Құлекеевті қабылдады

2020 жылдың 11 наурыз 2020 18:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазмұнайгаз Инжиниринг» компаниясы бас директорының кеңесшісі Жақсыбек Құлекеевті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі экономист, «Қазмұнайгаз Инжиниринг» компаниясы бас директорының кеңесшісі Жақсыбек Құлекеевпен кездесу кезінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыру, Қазақстан экономикасының энергиялық ресурстардың экспортына тәуелділігін төмендету мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық өсімді арттыру, фискалды және монеталық саясатты жетілдіру, кәсіпкерлікті дамыту, отандық өнім өндірушілерді қолдау бағыттарында кешенді шаралар қабылдаудың маңыздылығына назар аударды.


Басты сөздер: Қазақстан Президенті,
Жоғары қарай