Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚР Президенті: Үкімет карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті

2020 жылдың 3 тамыз 2020 09:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүкіл әлемде пандемия өршіп тұр. Ол Қазақстанды да айналып өтпеді. Індет жүздеген еңбеккер мен зейнеткерді, қарттар мен жастарды, атақты азаматтарымыз бен қарапайым адамдарды арамыздан алып кетіп жатыр. Даңқты палуан, қоғам қайраткері Ж.Үшкемпіровтің қазасы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Осы дерттен қайтыс болған азаматтардың қазасы қабырғама батты. Коронавирус пен өкпе қабынуы салдарынан қайтыс болғандардың саны әлі де жоғары»,-деп жазды Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент денсаулық сақтау министрлігі мен барлық медициналық мекемелердің басты міндеті – өлім-жітім деңгейін ең төменгі шекке дейін түсіру екендігін атап өтті.

«Үкімет азаматтардың карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті. Онсыз пандемияға қарсы күресте жеңіске жету мүмкін емес»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Жоғары қарай