Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚР Президенті Тәжікстанның Маджлиси намояндагон Маджлиси Оли төрағасымен кездесті

2021 жылдың 20 мамыр 2021 17:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Тәжікстанның Маджлиси намояндагон Маджлиси Оли төрағасы Махмадтоир Зокирзодамен кездесті. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Махмадтоир Зокирзода Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы парламентаралық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Махмадтоир Зокирзодаға Тәжікстан Президентімен келіссөздердің табысты әрі жемісті өткенін айтты. Мемлекет басшысының айтуынша, Тәжікстанмен жан-жақты ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде, заң шығару саласы бойынша бірлесіп жұмыс істеу Қазақстанның сыртқы саясаттағы басым бағыттарының бірі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Махмадтоир Зокирзодаға өзінің Парламент Сенатының төрағасы қызметін атқарған кезіндегі жұмысы туралы айтып, заң шығару қызметі мен парламенттік дипломатия институтының маңызды екеніне тоқталды.

Өз кезегінде Тәжікстан Парламенті төменгі палатасының төрағасы Мемлекет басшысына кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін алғыс айтты. Сондай-ақ екіжақты парламентаралық байланыстардың тиімділігі мен даму деңгейінің жоғары екенін жеткізді.





Жоғары қарай