Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚР Президенті Сума Чакрабартимен Реформалар жөніндегі жоғары кеңес отырысына дайындықты талқылады

2020 жылдың 23 қыркүйек 2020 19:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары сэр Сума Чакрабартимен Бейне байланыс форматында кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Бейне байланыс форматында өткен жиында кеңесші, Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары сэр Сума Чакрабартимен Қазақстанның экономикалық дамуын ілгерілету, елімізге инвестиция тарту және Кеңестің қазанда өтетін бірінші отырысына дайындық мәселелерін талқыладық», - деп жазды Президент twitter парақшасында.

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Сэр Сумма Чакрабарти (Sir Suma Chakrabarti) Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық даму жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.
Сондай-ақ, Сумма Чакрабарти туралы толық жазған болатынбыз.






Басты сөздер: Қазақстан Президенті,
Жоғары қарай