Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚР Президенті «Спутник V» вакцинасының екінші компонентін алды

2021 жылдың 27 сәуір 2021 19:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін «Спутник V» вакцинасының екінші компонентін алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

«Екпе салдырғаннан кейін Президенттің денсаулығында ешқандай кінәрат байқалған жоқ. Өзінің жұмыс кестесіне сәйкес қызметін қызу атқарып жатыр. Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздегі вакцинация қарқынын төмендетпеу керек деп санайды. Мемлекет басшысы екпе салдыру барлық шектеулерден арылтып, қайта қалыпты өмірге бастайтын, COVID-19 пандемиясын жеңетін жалғыз жол екеніне кәміл сенеді»,-деп жазды баспасөз хатшысы.


Жоғары қарай