Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

ҚР Президенті Сооронбай Жээнбековке көңіл айту жеделхатын жолдады

2020 жылдың 30 шілде 2020 12:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековке көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Президенті Сооронбай Жээнбековке Қырғызстанда коронавирус пандемиясының құрбандарын еске алу үшін ұлттық аза тұту күні деп жариялануына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан коронавирус пандемиясы салдарынан қайтыс болған бауырлас қырғыз азаматтарын ұлттық аза тұту күнінде қайғыларыңызға ортақтасып, қолдау көрсетуді жөн санадым. Осындай қиын-қыстау кезеңде мезгілсіз қайтыс болған адамдардың жақындары мен туыстарының орны толмас қайғысымен бөлісемін, ал қазіргі уақытта аты жаман індетпен күресіп жатқан науқастардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев қабылданған нақты шаралардың, қырғыз халқының ынтымағы мен бірлігі елдегі эпидемиологиялық ахуалды тез арада тұрақтандыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Сондай-ақ Қазақстанның әрдайым бауырлас Қырғызстан халқына қажетті көмек көрсетуге және коронавирус індетіне қарсы бірлесіп күресу үшін күш біріктіруге дайын екенін жеткізді.

Еске салсақ, Бүгін - Қырғызстанда коронавирустан қайтыс болғандарды Ұлттық аза тұту күні.

Қырғызстанда мыңнан аса адам коронавирустан көз жұмды.


Жоғары қарай