Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚР Президенті Павлодар облысының бесінші сынып оқушысына сыйлық берді

2021 жылдың 24 ақпан 2021 16:28

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Павлодар облысының бесінші сынып оқушысына сыйлық берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі апта бұрын Ертіс ауданынан келген 10 жасар Мансұр Баймұса Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, шахмат пен ағылшын тіліне деген қызығушылығы туралы айтып берген болатын.
⠀Мемлекет басшысының жауабын оқушыға Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов тапсырды.
⠀- Айналайын Мансұр! Сенің хатыңды ықыласпен оқып шықтым. Маған жолдаған ақ тілегінді шынайы ризашылықпен қабылдадым. Шахматпен айналысып, ағылшын тілін де меңгеріп жүрсін, жарайсың. Елімізде өзің сияқты зерек әрі үлгілі балалар болсын деп тілеймін. Келешекте өз ісінің маманы болып, отанымызға адал қызмет ететініне кәміл сенемін. Ата-анаңа менің сәлемімді жеткіз. Арманың әрдайым асқақ болсын, Мансұр.





Құрметпен, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, - делінген Мемлекет басшысының жауабында.
⠀ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыйлаған шахмат Мансұрға тапсырылды.

Жоғары қарай