Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

ҚР Президенті: Мемлекет тарапынан отандық БАҚ-қа қолдау көрсетіле береді

2020 жылдың 26 ақпан 2020 14:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Михаил Дорофеевті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, белгілі журналист Михаил Дорофеев Мемлекет басшысына отандық ақпарат кеңістігіндегі ахуал жөнінде ой-пікірін айтты.

Сонымен қатар әңгімелесу барысында бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, мемлекеттік ақпараттық тапсырысты тиімді жүзеге асыруға, сондай-ақ, журналистердің құқығын қорғауға қатысты мәселелер сөз болды.

Михаил Дорофеев Қасым-Жомарт Тоқаевқа медиа-қоғамдастықтың атынан жала жабу туралы Қылмыстық кодекстің 130-бабын қылмыстық деп танымау жөніндегі шешімі үшін алғыс білдірді.

Қазақстан Президенті телевизиядағы сапалы контентті дамытудың маңыздылығын атап өтіп, мемлекет тарапынан отандық БАҚ-қа қолдау көрсетіле беретінін айтты.


Жоғары қарай