Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚР Президенті: Қырғызстанмен өңіраралық ынтымақтастықтың бірінші форумын жуық арада өткізу керек

2021 жылдың 2 наурыз 2021 14:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шағын және кеңейтілген құрамдағы екіжақты келіссөздердің қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров бұқаралық ақпарат құралдары үшін бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Баспасөз мәслихатында е кіжақты байланыстардың күн тәртібіндегі маңызды міндеттің бірі – азаматтардың барыс-келісі мен алыс-берісін жақсарту мәселесі сөз болды.
– Осы ретте шекара бекеттерінің өткізу мүмкіндігін арттыру үшін шаралар қабылдануда. Мысалы ең ірі «Қордай» (Ақжол) бекетін жаңғырту жұмыстары – соның айқын дәлелі. Енді жұрттың шекарадан қиналмай өтуіне жағдай жасалмақ. Бекеттің жабдықтары жаңартылды. 8 жолақты автожол салдық. Бұл жұмыс өз жалғасын табады. Паспорттық-бақылау режимін жетілдірдік. Мұның барлығы екі ел арасындағы жолаушылар мен көліктердің санын едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстан бұл нысанды жақын арада ашуға дайын. Келісім бойынша, қырғыз тарапы да тиісті жұмысты тез арада аяқтайтын болды, – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан Президенті өзара байланысты нығайту үшін іргелес жатқан аймақтардың ынтымақтастық аясын кеңейту жөнінде келісім жасалғанына тоқталды.
Оның айтуынша, Өңіраралық ынтымақтастықтың бірінші форумын жуық арада өткізу қажет, сондай-ақ, шекара маңында тауарды ресімдеп, өңдейтін сауда-логистикалық орталық құру керек.

Жоғары қарай