Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚР Президенті Қазақстанның өлім жазасынан бас тартуына қатысты түсінік берді

2020 жылдың 25 қыркүйек 2020 17:50

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның өлім жазасынан бас тартуға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің Екінші факультативті хаттамасына қол қоюына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жуырда ғана Қазақстанда өлім жазасынан бас тартуды қарастыратын екінші факультативті хаттамаға қосылу жөнінде шешім қабылданды. Кезінде Тұңғыш Президентіміз тарапынан өлім жазасына жарияланған мораторий күшінде болғандықтан, бұл шешім Конституцияға толық сай келеді және Атазаңға ешқандай өзгеріс енгізу қажет емес. Шын мәнінде, елімізде өлім жазасы жоқ. Тек Конституцияда қарастырылған екі ғана болмашы ерекшелік бар. Олар факультативті хаттаманың талабына толық сай келеді «, - деді Мемлекет басшысы.



Еске салайық, 23 қыркүйекте Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші Факультативтік хаттамасына қол қойды.

Сол күні өлім жазасын жою туралы халықаралық Хаттамаға қосылу туралы шешімді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші мерейтойлық сессиясының жалпы саяси пікірталас барасында сөйлеген сөзінде жариялады.

Кейіннен ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстанның аталмыш халықаралық пактіге қосылуына қатысты түсініктеме берді.

25 қыркүйек күні Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді.

Қ.Тоқаев шаһарға сапарын И.Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жаңа филиалынан бастады.

Сондай-ақ Алматының Индустриялық аймағында болып, қазақстандық «Hyundai Trans Kazakhstan» зауытының іске қосылуға дайындығын тексерді.



Жоғары қарай