Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 33 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

ҚР Президенті ипотекалық қарыздар, жалпыға бірдей декларациялау туралы Заңға қол қойды

2020 жылдың 3 шілде 2020 18:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар, жалпыға бірдей декларациялау және экономикалық өсуді қалпына келтіруге қатысты заңнамаға өзгеріс енгізетін Заңға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру, жалпыға бірдей декларациялау және экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады», - делінген Ақорда сайтында.


Басты сөздер: Заң, Қазақстан Президенті,
Жоғары қарай