Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

ҚР Президенті елдегі жағдайға қатысты батыл шешім қабылдады - Дархан Мыңбай

2022 жылдың 7 қаңтар 2022 21:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Мемлекет басшысы қабылдаған шешім әрбір қазақстандыққа қатысты, сондықтан азаматтарымызды жауапкершілік пен ел бірлігі үшін ұйымшыл болуға шақырамын.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдаған Үндеуіне қатысты пікір білдірген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы елдегі жағдайға қатысты Конституция мен өз құзыретіне сай батыл шешім қабылдады. Ендігі уақытта Президент белгілеп берген міндетті әрбір жауапты мемлекеттік орган, әр басшы мен халық өз деңгейінде орындай білсе. Сонда ғана елімізді қалпына жұмыстары келтіру тезірек жүзеге асады. Бүгін Мемлекет басшысы қабылдаған шешім әрбір қазақстандыққа қатысты, сондықтан азаматтарымызды жауапкершілік пен ел бірлігі үшін ұйымшыл болуға шақырамын», - деді Дархан Мыңбай.

Халық қалаулысының айтуынша, заң баршаға ортақ және оны азаматтардың сақтағаны абзал.

«Халықтың санасы жоғары, көзі ашық. Азаматтардың өз ойы мен талабын билікке жеткізгені дұрыс. Бірақ, бәрі заң аясында жүзеге асуы тиіс. Бейбіт толқуға шыққан әрбір азамат жеке жауапкершілік туралы ұмытпау керек. Қазір арандатушылық туралы көп әңгіме айтылып жатыр, сондықтан да әр адам өз іс-әрекетіне жауаппен қараса деп отырмын. Азаматтық позиция керек, бірақ жол-жөнекей айтаққа ермеген жөн. Мемлекет басшысы айтқандай, елдегі бассыздық кезінде аса қатыгездік байқалды. Қан төгілді. Бұл қылмыс және санаға сыймайды», - дейді ол.


Жоғары қарай