Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

ҚР Президенті Алматыдағы атыста қаза тапқан полицейлерді наградалармен марапаттады

2021 жылдың 25 қыркүйек 2021 13:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы атыс кезінде қаза тапқан полицейлер мен сот орындаушыны мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасай отырып Жарлықтың толық мәтінін жариялайды.

***

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

2021 жылғы 25 қыркүйек

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен

Байғазиев Нұрбол Назарбайұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігінің Алматы қаласы полиция департаментінің Алатау ауданы полиция басқармасының жанындағы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы

Сүлеев Дархан Дауылбайұлы (марқұм) – Ішкі істер министрлігінің Алматы қаласы полиция департаментінің Алатау ауданы полиция басқармасының жанындағы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы;

«Ерлігі үшін» медалімен

Әбенов Мұрат Бақбергенұлы (марқұм) – Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының мүшесі, Алматы қаласы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 25 қыркүйек

№ 663

***

Еске салайық, 20 қыркүйек күні Алматыда атыс болып, 5 адам қаза тапты.

Жеке үйлердің біріне келген сот орындаушыға, учаскелік полиция инспекторларына үй иесі — 1967 жылы туған азамат оқ атты. Қаза тапқан полицейлердің бірінің артында 5 және екіншісінің артында 2 баласы қалды. Алматы қалалық соты бірнеше адам өліміне кінәлі тұрғынның даулы ісіне қатысты түсініктеме берді.

«Банк ЦентрКредит» АҚ іс бойынша барлық қажетті құжатты ұсынатындарын және зардап шеккендердің туыстарына жан-жақты көмек көрсететіндерін жеткізді.

Аталған жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Кінәлі адам 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.



Жоғары қарай