Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 33 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

ҚР Президенті Ақмола облысындағы ет өңдеу зауытына барды

2019 жылдың 14 қараша 2019 16:33

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысындағы «Бижан» ет өңдеу зауыты» ЖШС-ға барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы өндіріс ғимаратын аралап көріп, облыстың ет өңдеу зауыты өндірген өнімдермен танысты.

«Бижан» ЖШС – өңірдегі ет өнімін өндіретін ірі кәсіпорындардың бірі. Зауытта шұжықтың 15 түрі, ет консервілері мен жартылай фабрикаттар және тағы да басқа өнім түрлері өндіріледі. Кәсіпорын 115-тен астам адамды жұмыспен қамтып отыр.

Нысанды аралау барысында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Президентке өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласын дамыту жайында мәлімет берді.
















Жоғары қарай